Жастар жарады

«Шынықсаң – шымыр боласың» деген. Бүгінде денсаулығы мықты, санасы ашық жастарға спортпен шұғылдануға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Бұл ел еңсесін, мемлекет мерейін асқақтатса, еліміздің көк Туын желбіретіп, Әнұранын әуелетіп жүрген спортшылардың жеткен жетістіктері көңіл қуантады.

Қуантарлығы сол, жақында Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарына ауданымыздан іріктеліп шыққан Ерсұлтан Кемпірбай, Асылжан Ахылбек, Райымбек Кенжебайұлы, Эльнура Тұрдалиева, Аяна Кәрім есімді спортшыларымыз қатысып, мерейімізді үстем етті. Олар жарыс жалауын желбіретіп ерлер арасында асық атудан бірінші орынды, қыздар арасынан жүлделі үшінші орынды жеңіп қайтты.
Редакциямызға осындай қуанышымен бөлісуге келген асық атудан аға жаттықтырушы Бауыржан Бейсембиев пен Дана Галиакпарова:
– Жастарымыз жарады. Тек біздің ғана емес, Жамбыл облысының намысын қорғаған спортшыларымыз болашақта әлі талай жетістіктерді бағындырады деген ойдамыз. Сондай-ақ, олар осы байрақты бәсекеде қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, таэквондо секілді спорттың түр-түрінен күш сынасып, жалпыкомандалық есепте 5 орынға тұрақтады. Бұл да біз үшін үлкен қуаныш, – деп, болашаққа сеніммен қарайтындарын айтты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары