Жастар шықты жарысқа

Жуырда облыс әкімдігі жастар саясаты мәселері басқармасының «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және олардың әлеуетін кеңінен пайдалану бағытындағы шараларды үйлестіру» атты мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры мен Көлқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Жасұлан Малдыбаев, аула клуб жетекшісі Гауһар Сатқұлова бірлесіп «Мейірім үшін алғыс!» акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, асық атудан жарыстар өткізілді. Шарада сөз алған «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының вице-президенті Данияр Өмірбеков пен аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Жандар Тоқсаба қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан бірінші орынды Бақытжан Шоқан, екінші орынды Антон Комиссаров, үшінші орынды Әділет Құдайберген иеленсе, дойбыдан бірінші орынды Сабина Темірхан, екінші орынды Нұрбақыт Бақытжан, үшінші орынды Еркежан Құтжан иеленді. Ал үстел теннисі бойынша бірінші орын Азат Аярбекке, екінші орын Мейірім Беркінге, үшінші орын Жасмин Жақсыбекке бұйырды. Тоғызқұмалақ ойынынан бірінші орынды Маржан Құтжан, екінші орынды Ақылжан Құтжан, үшінші орынды Аружан Тоқтасын иеленсе, шахматтан бірінші орынды Ермахан Орынбасар, екінші орынды Ерасыл Оразбек, үшінші орынды Мадина Жамауова иемденді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары