Жастар іріктеуден өтті

Жақында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қол күресінен жарыс өтті.

Жақында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қол күресінен жарыс өтті.
Жалпы саны 400-ге жуық спортшы қатысқан додада ауданымыздан барған Рамазан Бақытжан 28 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей І орынға қол жеткізсе (Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы), 60 келіде Айдана Әбдіразақова да жеңімпаз атанды. 50 келі салмақта Аяулым Рзабаева (Еңбек орта мектебі) ІІ орынды жеңіп алды (жаттықтырушылары Айбол Өмірқұлов).
Наурыз айында Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының біріншілігіне жолдама алған спортшыларымызды Түрксіб спорт мектебінің директоры құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары