Жасөспірімдердің жеңісі

Жуырда Жаңатас қаласында 2005-2006 және 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан КСРО және Азия чемпионы, халықара­лық дәрежедегі спорт шебері, Сарысу ауданы­ның Құрметті азаматы С.Өмірбековтің жүлде­сіне арналған ІІІ респуб­ликалық турнир өтті.

Турнирге Түрксіб ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері – 34 кг салмақ дәрежесінде Арман Қалман, 46 келіде Саят Қапан және 48 келіде Абылай Әбдіқасым (жаттықтырушылары Берік Арал)  І орынды иеленіп, мерейімізді тасытып қайтты.
Мектеп директоры Абдрахман Қыдыралиев жеңіспен оралған өрендерімізді құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары