Жасөспірімдер жүлдесі

Мамыр айының 18-24 аралығында Тараз қаласында 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты өтті.

Мамыр айының 18-24 аралығында Тараз қаласында 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты өтті.
Аса ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Шоқан Дүйсенбиев, Дәулет Жұмаділов, Ғани Садықов аудан намысын қорғауға 18 футболшыны бастап барды.
Облыс бойынша 9 құрама команда қатысқан чемпионатта спортшыларымыз жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, Санжар Кемелбек «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары