Жасөспірімдер жеңіспен оралды

Жақында Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан «Спорт, жастар есірткіге қарсы», «Біз – терроризм мен экстремизмге қарсымыз!» атты ұранмен ашық біріншілік ұйымдастырылды. 

Жақында Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан «Спорт, жастар есірткіге қарсы», «Біз – терроризм мен экстремизмге қарсымыз!» атты ұранмен ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесі бойынша 42 келі салмақ дәрежесінде Мерей Сейдан, 48 келіде Бауыржан Уразматов, 58 келіде Жандос Әбдібек ІІІ орындарды иеленді. Ал, ақпан айының 15-17 күндері аралығында дзюдодан 2005-2007 және 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілікте +63 келі салмақ дәрежесінде Гүлдана Марлен І орынды жеңіп алса, 44 келі салмақта Ұлбосын Жалғасбаеваға ІІІ орын бұйырды. 
Бұдан бөлек, Отырар ауданы Шәуілдір ауылында қазақ күресінен 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық турнирде 29 келі салмақ дәрежесінде Нұрдәулет Сұлтан жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 
Сондай-ақ, ақпанның 16-17 күндері Байзақ ауданы Жетібай ауылында еркін күрестен Ауған соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Қайрат Сүлейменовті еске алуға арналған және Жастар жылын насихаттау мақсатында 2003-2005 және 2006-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті. Турнирде 40 келі салмақ дәрежесінде Нұрбол Құттыбай І орынды, 65 келі салмақта Айбатыр Тұрар ІІ орынды, 35 келі салмақта Ақниет Нұртуған және 65 келі салмақта Тимур Козлов ІІІ орындарды иеленді. 
Айтулы жарыстардан осындай жетістіктермен оралған ауданымыздың спортшыларын Түрксіб спорт мектебінің директоры А.Қыдыралиев құттықтап, биік белестерден көріне берулеріне тілектестігін жеткізді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары