Жас боксшы спорт шебері атанды

Шымкент қаласында өткен бокстан жастар арасындағы ҚР чемпионатында Орал қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Даниял Сәбит жеңіске жетті.

Оқушылар және жастар сарайының Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы былғары қолғапқа құмартқан балғын спортшылардың шеберлігін шыңдатып, спорттық додада бағын жандырды.

Шымқалада ұйымдастырылған бокстан жастар арасындағы ҚР чемпионатында жерлесіміз Даниял Сәбит 46 келі салмақта орталықта өткізген 5 айлық жаттығу нәтижесін көрсетті. ҚР спорт шебері атағын қоса иемденген жеңімпаз бұл жетістікпен тоқтап қалмақ емес.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева облыс намысын абыроймен қорғаған жүлдегермен жүздесіп, олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты.

Өңірімізде ел сенімін ақтауды мақсат еткен жас спортшылардың түрлі деңгейдегі толайым табыстары еселеніп, аймақ спортының өрісі кеңеюде.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары