Жас балуандар сайысы

Жуырда Төңкеріс ауылы мектебі ұжымының ұйымдастыруымен  «Целиноград ауданының 90 жылдық» мерейтойына арналған спорттық шара болып өтті

Атап айтқанда,  «Қазақша күрес» түрінен  ашық турнир өткізілді.

       Оған Максимовка, Новоишимка, Тасты ауылдық округтерінен жас балуандар  қатысып, бақ сынады.  Сайыс барысында 34 кг салмақта Өсербай Әмір 1ші орынға ие болды. Наурызбай Алмас күміс, ал  Жұмабек Алдияр  қола жүлдені қанағат тұтты. 38 кг дәрежесінде  Мырзабек Ержан ақтық сыңда күресіп,  күміс медальды  еншіледі.  46 кг салмақ дәрежесінде Мырзабеков Бекзат  жақсы өнер көрсетіп,  2-ші орынға шықты.  51 кг салмақта  Кенжетайұлы Мұхаммед  3-ші орынға ие болды. Жарыс соныңдағы Түйе балуан сайысында  Жетпісбаев  2-ші орынды иеленсе, Мұхтаров Аңсар  қола медальді мойнына тақты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары