Жарыс жоғары деңгейде өтті

Тұңғыш Президент күніне орай аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығында» тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырды.

Тұңғыш Президент күніне орай аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығында» тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырды.
Айтулы жарыста сөз алған аталған бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов, еңбек ардагері Мәлік Қасымбеков қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Аудандық жарыс өз деңгейінде өтіп, жүлделі орындарды сарапқа салған қатысушылар өзара тартысты ойындар өткізді.
Нәтижесінде, тоғызқұмалақтан сынға түскен Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің оқушысы Аружан Тамдыбек топ жарса, Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғыны Қайрат Амиров пен өрнектік Қалдарбек Арызбаев сәйкесінше II және III орындарды иеленді. Дойбыдан І орынды асалық Мамбет Сүгірбеков жеңіп алса, №1 орта мектептің оқушылары Диас Мұқашхан мен Сакен Орынбаев жеңіс тұғырының ІІ және ІІІ сатысынан көрінді. Үстел теннисінен жүлделі орындар асалықтарға бұйырды. Қарсыластарын қапы қалдырған Бекарыс Ағайдаров үздік атанса, Жасұлан Малдыбаев пен Рахымбек Мұзбелов ІІ және ІІІ орындарға табан тіреді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты жағдайда диплом­мен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары