Жарыс көрігін қыздырды

Жастардың ұлттық ойындарға, спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру жолында атқарылып жатқан іс-шаралар өте көп. Шағын футбол, волейбол алаң­дары мен спорт залдардың жап­пай салынуына Елбасының өзі нақты бағыт берді. Соның нәти­жесінде салауатты өмір сал­тын ұстанатын, спортпен шұғыл­данатын  адамдардың саны күрт өсіп, нашақорлық және зиянды іс-әрекеттерге тосқауыл қойылуда. 

Жуырда Қарасу ауылдық округінің жастар іс жөніндегі кеңесшісі Фархат Балажанов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бірлесе ұйымдастыруымен Қ.Сартбаев атындағы орта мектеп алаңында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысты ауыл әкімі Самат Селеубаев ашып беріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бәсекеге 12 елді мекеннің аяқдопшылары қатысты. Жарыс нәтижесінде 1-орынға Аса ауылы қол жеткізсе, 2 орынды қаракемерліктер иеленді. Үшінші жүлде Қаратөбе ауылының футболшыларына бұйырды. 
Жеңімпаздарға сыйлықтар, грамоталар табысталды.
«Үздік төреші» Л.Өзенбаев (Ащыбұлақ), «Үздік шабуылшы» Б.Сексенбаев (Қаратөбе) «Үздік қақпашы» Ү.Нұрмағанбет (Көлқайнар), «Үздік қорғаушы» Д.Сағынбек (Ащыбұлақ) арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары