Жантөре жүлдемен оралды

Таяуда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Ақсай қаласында самбо күресінен 2002-2003 жылы туылған ұл-қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын ұйымдастырды.

Таяуда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Ақсай қаласында самбо күресінен 2002-2003 жылы туылған ұл-қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын ұйымдастырды. Ел біріншілігіне біздің ауданнан қаракемерлік жас балуан Жантөре Жұмабай (бапкері Нұржан Қазбеков) қатысты. Жамбыл облысының намысын қорғаған балуанымыз 84 келі салмақ дәрежесінде күресіп, тұғырдың үшінші сатысынан көрінді.
Ел біріншілігінен қола жүлдемен оралған Жантөре Іле ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирде бақ сынады. Айтулы жарыста ол бозкілем үстінде қарсылас шақ келтірмеді. 81 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтыннан алқа тағынды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары