Жангелді алдына жан салмады

Жуырда Алматы қаласында таэквондодан (WT) «Сhampion» ашық республикалық турнир жалауын желбіреткен болатын. Бірнеше күнге созылған бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген кіл мықтылар өз салмақ дәрежесінде сынға түсті. 

Жуырда Алматы қаласында таэквондодан (WT) «Сhampion» ашық республикалық турнир жалауын желбіреткен болатын. Бірнеше күнге созылған бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген кіл мықтылар өз салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл додада аудан намысын Шайқорық орта мектебінің 5-сынып оқушысы, №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің шәкірті Жангелді Болат қорғады. 37 келіде сынға түскен жерлесіміз алдына жан салмады. Қарсылас біткенді қапы қалдырып, алтыннан алқа тағынды.
– Мен бұл жарысқа ұзақ дайындалдым. Нәтижесі жаман емес. Осындай жарыстарға қатысуыма мүмкіндік сыйлап жүрген жаттықтырушым Альмира Есмырзаеваға үлкен рахметімді айтамын. Ол кісінің үйреткен спорттық әдіс-тәсілдерінің арқасында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрмін, – деді Жангелді Болат.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары