Жалпыкомандалық есепте – үшінші

Өткен аптада «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыстық спартакиада өтті. Оған облыстағы 53 спорт мектебінің қызметкерлері қатысып, қол күрес, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, арқан тарту, жүзу, кіші футбол, үстел теннисі секілді спорт түрлері бойынша бақ сынасты.

Өткен аптада «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыстық спартакиада өтті. Оған облыстағы 53 спорт мектебінің қызметкерлері қатысып, қол күрес, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, арқан тарту, жүзу, кіші футбол, үстел теннисі секілді спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Бұл спартакиадаға Аса ауылындағы спорт мектебінің ұжымы да қатысып, жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді. Екі күнге созылған айтулы жарыста Серік Елеусіз жүзуден – екінші, Абзал Әбілдашев, Жансая Жаңабаева, Ақзат Тілеп, Динара Керімқұлова эстафетадан – үшінші, Жасұлан Әбішев, Талғат Әбдібеков, Рауан Баеш, Бақытгүл Базиева, Динара Керімқұлова командалық арқан тартыста бірінші орын жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, арнайы кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары