Жалпыға бірдей таңертеңгі жаттығу

Зеренді селосының  орталық алаңында  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың   Challenge «Сен басқасың!» спорттық бастамасына қолдау білдіру мақсатында  өңірлік мемлекеттік органдардың, атап айтқанда мәдениет, білім беру, денсаулықсақтау  мекемелері  ұжымдарының қатысуымен    жалпыға  бірдей таңертеңгі спорттық  жаттығу шарасы өтті.

Шараны жүргізушілердің:

-Бүгін  біз  Мемлекетіміздің Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындарды  жаппай спорт түрлеріне тарту бойынша көтерген бастамасына қолдау білдіруге  арналған  мерекелік шараға бастау жасағалы отырмыз. Адам өміріндегі  ең бастысы- бұл әр тұлғаның саламатты өмір салтын ұстануға  деген талпынысы, өзінің денсаулығы үшін  жеке жауапкершілігін  сезінуі.

Біз сіздермен бірге  саламатты өмір салтын ұстаудың үлгісі  болуларымыз қажет, өйткені «Қазақстан-2050» Стратегиясында, ұлтымыздың дені сау болуы үшін   біздің  алдымызға, тұрғындардың  30 пайызын  денешынықтыру  мен спортқа  тарту міндеттері жүктелген, осы  орайда барлық зеренділіктердің ұраны «Мақсат бірлігі-ұлт бірлігі» болсын,- деген сөздерінен  кейін қатысушылар  аудандық Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Шәкіржановқа  ілесіп  оннан  аса  кешенді  жаттығулар жасады. 

Аталған  ұйымдар мен  мекемелердің  ұжымдары  осы таңғы сергіту  жаттығулары  арқылы  Мемлекет  басшысының  бастамасына   қолдау білдірді. Белгіленген  бағдарламаға сәйкес  жалпы жаттығу шарасы келесі  күндері  аудан  орталығының  кәсіпорындарында, ұйымдары мен  мекемелерінде жалғасты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары