ЖАЙНАЙ БЕР – АСТАНА

Шілденің 3-і күні Елордамыздың 20 жылдығына орай Өрнек ауылында «Жайнай бер – Астана» атты спорттық сайыс өткізілді.

Бұл іс-шараны ауылдық округ әкімі аппаратының әдіскері Бибігүл Елутайқызымен бірлесе дайындап, ауылдың және көрші Жарқайың ауылының жастарын шақырдық. Жастар екі командаға бөлініп, өздерінің командасының ұранын айтып, «Жастар» және «Тұлпар» командасы болып футбол ойнады. Жастар барынша белсене де қызыға қатысты. Әсіресе көрші ауылдан келген балалар футбол ойынын өте жақсы ойнайтындарын көрсетті. Біздің ауылдың балалары қонақ балалармен жақсы тіл табысып, араласып кетті. Осылайша Астана күніне арналған іс-шарамыз ойдағыдай өтіп, Жарқайың ауылының «Тұлпар» командасы жақсы көрсеткіш көрсетті, жеңімпаз атанып, марапаттау грамотасына ие болды. Одан соң дастархан жайылып, тәтті шай ішілді. Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып жүрейік деген тілекпен іс-шарамызды аяқтадық.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары