Волейболдан аудан Кубогы

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі   күнінің  қарсаңында  Зеренді селосының   Дене шынықтыру   сауықтыру  кешенінде  волейболдан   аудан   кубогы  сарапқа   салынды. Жарыстың ашылу салтанатында  жеті, атап  айтқанда  Симферополь,   Шағалалы,  С.Сейфуллин  атындағы , Викторовка  ауылдық  округтерінің,  «Жігер», Шағалалы жоғары агро-техникалық колледжінің «Студенттер»  және   Ортағаш  ауылының командалары  командалары   сапқа    тұрды

 Ойындар кестесі жеребе тарту   арқылы анықталды.
 Кездесулердің  барлығы   аса  тартысты    өтті.  Барлық командалар жеңіске деген  ерекше  талпыныстар   танытты.  Іріктеу  кездесулерінен  кейін  жүлделі  орындар   сарапқа  салынды. «Жігер»  және   симферопольдықтардың  арасында  үшінші  орын  үшін  болған  кездесуде    округтік  команда 2:1 есебімен  жеңіске  жетті. 
Финалдық  кездесуге  алаңға  Қашақпай Саят, Төребек Аслан, Ержан  Абдуллаев, Алмас  Сержанов, Бақберген  Есенбеков, Тыныштық Рамазан,  Өміртай  Ертіс, Ұлықбек  Ғалымбекұлы, Ержан  Руслан   құрамында   шыққан    «Студенттер»   командасы  Шағалалы ауылдық округінің  командасын    2:0 есебімен  ұтып,  аудан  кубогының   иегері   атанды.
Сөз  соңында  жүлдегерлермен  қатар  басқа       командалардың  да     нәтижелі     шабуылдар   жасап,  ұтымды   қорғана     білгенін   ерекше   атап  өтуге   болады.
***********

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары