Үздік үштікке қол жеткізді

Жуырда облыстық полиция департаменті арнайы даярлық бас­қар­масының ұйым­дастыруымен жауын­герлік қарудан оқ ату жарысы өтті. Күні бойы жалғасқан жарыста Тараз қаласы мен аудан­дардан келген тәртіп сақшылары өзара кім мықтыны анықтады.

Өткен жыл аудандық полиция бөлімі үшін жемісті жыл болды. Облыстық полиция департаментінің қорытындысы бойынша аудандық полиция бөлімі облыста бірінші орынға лайық деп танылды. Бұл, сөз жоқ, бірлігі жарасқан бөлім қызметкерлерінің ынтымағының арқасы. Ал, сұр мергендер сынға түскен сайыста аудан намысын бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесі мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі тобының жедел уәкілі, полиция капитаны Нариман Бөрібаев, ақпараттық-аналитикалық топтың аға инспекторы, полиция капитаны Ақнұр Пірімқұлова, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Азизжан Пайзиев қорғады. Нәтижесі жаман емес. Жалпы командалық есепте үздік үштікке қол жеткізді. Ал, жеке оқ атуда Азизжан Әшірбайұлы үшінші орынға лайық деп танылды.
Жарыс соңында жеңімпаз атанған және жүлдеге қол жеткізген командалар басқарманың арнайы дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары