Үстел теннисінен ҚР чемпионаты

Петропавл қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында үстел теннисі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында батысқазақстандықтар 3 қола медаль еншіледі.

Облысымызда бұқаралық спортты дамыту жолында мүмкіндігі шектеулі жандардың өзіндік қосқан үлесі бар. Олардың қоғамдық жұмыстардан бөлек спорттағы белсенділіктері қажыр-қайратын қамшылап, жігерін жандырады. Батысқазақстандықтардың қатарында теннисшілердің толайым табыстарға кенелген сәттері өзге спортшылардың спортқа деген ынтасын еселей түседі. Үстел теннисінен Петропавл қаласында өткен додада Гүлмира Батпақұлова, Гүлмира Жанғалиева, Ақгүл Құдайбергеновалар чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Жеңімпаздарды жеңіске жетелеген жаттықтырушы Нұржан Тілеубергеновтің еңбегі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының көрсеткен қолдауына қатысушылардың алғысы зор.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары