Түрксібтік өрендердің жетістігі

Жуырда Ресей Федерациясының Анапа қаласында кикбоксингтен Әлем кубогы өтті.

Жуырда Ресей Федерациясының Анапа қаласында кикбоксингтен Әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде 30 мемлекеттен 1300 спортшы бақ сынады. Осы дүбірлі додаға Түрксіб балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өрендері де қатысып, мерейімізді тасытып қайтты. Атап айтар болсақ, 48 және 67 келі салмақ дәрежесіндегі Дулат Дүйсенов пен Талант Оралбаев қарсыластарын түгел жеңіп, алтыннан алқа тақса, 60 келідегі Нұрислам Сағындықов (жаттықтырушылары Олжас Маханов) күміспен күптелді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары