Темір тұлпардың орнына – велосипед!

Жастар жылына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауыл жастары мен тұрғындарының арасында ауқымды велошеру өтті. 

Велошеру жарысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты аудан тұрғындары арасында байланысты арттыру, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және ел аузында «шағын Бейжің» атанған ерекше ауданымызда көліктің ең арзан түрі, әрі денсаулыққа пайдалы велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру.                                                            Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, мектеп директорлары мен ауыл тұрғындарынан құралған 600-ден астам адам белсене қатысты. Велосипедшілер аудандық музей алаңынан бастап Жайсаң тас жолына дейін, А.Байтұрсынов және 312 Атқыштар дивизиясы көшелерімен барлығы 7 шақырым жерді айналып өтті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары