Тастөбеліктер жеңімпаз атанды

Балық баба атын ұлықтаған ұрпақ Айшабибі ауылында кіші футболдан аудандық жарыс ұйымдастырды. Жарысқа 13 команда қатысып, спортқа ден қойғанын байқатты. Бәрі де жеңістен үмітті болған. Әйтсе де, ойынға тастүйін дайындықпен келген тастөбеліктер 4 кездесуде қарсыластар қақпасына 11 гол соғып, нәтижесінде ақтық сында Қарасу ауылдық округінің құрамасымен кездесті. Ойынды өз пайдасына шешкен Тастөбе командасы чемпион атанып, арнайы кубокты иеленді.

Жарыс туралы бас төреші Азамат Құрбанов: – Бүгінгі ойын тартысты әрі қызықты өтті. Барлық команда да өз бабында екен. Ауыл жастарының нәтижелі өнер көрсетуіне Көлқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Жасұлан Малдыбаев ойыншыларын жақсы дайындап келіпті. Ризамын. Сондай-ақ, команда капитаны Әділет Бөлегеновке, қақпашы Абылайхан Әміровке, қарсыластар командасына ең көп гол соққан Абай Байдалиевке ризашылығым шексіз, – деді ойын соңында.
– Ауыл жастарының биіктен көрінуіне, әрине, қолдау керек. Ауылдың кәсіпкер азаматы Асхат Ақылбеков команданы көлікпен қамтамасыз етті. Спорт жанашыры, жастардың демеушісі болып жүрген осындай жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деді ауыл жастарының жетекшісі Жасұлан Нышанбекұлы.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары