Тараздықтар топ жарды

Жуырда аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қаракемер ауылында осы ауылдың тумасы, кезінде футболдан Жамбыл ауданы құрама командасының белді ойыншысы болған, республикалық, облыстық жарыстардың жүлдегері, спорт ардагері Мамыралы Қалыбаевты еске алуға арналған ардагерлер арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық футбол федерациясының президенті Жомарт Телеуов, Мамыралы Ырсалыұлының анасы Алшакүл апамыз, жұбайы Зинагүл мен бауыры Алшынбек, достары және футбол ардагерлері Асхат Терлікбаев, Төлахмет Аяпбергенов, Тоқтар Төлегенов Мамыралы ағамыздың өмірінен естеліктер айтты.
Турнирге Тараз қаласы мен аудандардан 7 команда қатысты. Командалар екі топқа бөлініп, топтан үздік шыққан төрт команда жүлделерді сарапқа салды. Тартысқа толы турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Тараз қаласының аяқдопшылары жеңіп алды. Ал, екінші орын қаракемерліктерге, үшінші орын меркіліктерге бұйырды. Жарыста әдемі ойын өрнегін құрған Асхат Терлікбаев (Қаракемер), Бақытжан Дүйсембиев (Тараз), Ғазиз Бекбердиев (Тараз), Ерсайын Татенов (Қаракемер), Самат Төлесбай (Тараз) үздік ойыншылар деп танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар және үздік ойыншылар аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогымен, дипломдарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары