Табиғат аясындағы демалыс

Елікті  тауын  Березняковка  ауылының  ең  қасиетті  жерлерінің  бірі  деуге   болады.  Ол  аса  биік   болмаса  да  көркі   ерекше, сондықтан  жылдың  қай  мезгілінде  болмасын    әсемдігімен,   өзіне  тартып,   көз   алдыңа   ерекше   бір  табиғи   көріністің  нұрын шашып тұрады.     Осы  бір  табиғат   құбылысына  зер  сала   қарасаң   керемет    бір  сезімге  бөленесің.

Жуырда    мектебіміздің   оқушылары  Елікті тауында орналасқан «Тау-шаңғы»  базасына   барып,  бір күндік  демалыстарын   өткізіп келді. Олардың   табиғат   аясында  өткізген  уақыттары  шектеулі   болса  да  естен  кетпейтіндей  көңіл-күйге  бөленгендерін   жарыса баяндады.    Таза  ауада   демалып,  табиғаттың сұлулығына  тамсанған оқушыларымыз  қуанышты сәттерін   ұзақ  уақыт   әңгімеледі.  Демалушыларымыз   шаңғы теуіп,  шанамен  сырғанап,  қысқы  спорт  түрлерімен   айналысқандарына   дән  риза   болғандарын   да  жасыра  алмады.   Бұл оқушыларымыздың ұзақ уақыт естерінде  сақтайтын   керемет  бір  сәттері    болды. Тоқсан ауыздың тобықтай  түйінін  айтсақ,  қатарластарыма   осы   демалыс  күні   қатты  ұнағаны   бірден   байқалып  тұрды.  Әрқайсысы  алған  әсерлерін   аса   қуанышпен жеткізіп  жатты. 

Сөз  соңында  оқушыларымызға   ұмытылмас   демалыс  ұйымдастыруға   жағдай   жасаған        «Елікті» тау-шаңғы  базасының    басшысы  Анара  Жақсылыққызы   Бектеміроваға  Березняковка орта  мектебінің ұжымы  және  ата-аналардың  атынан шексіз  алғыс  сезімімізді  білдіреміз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары