СПОРТ ЖӘНЕ БІЗ

«Патриот» айлығының жоспары бойынша ұйымдастырылған мектепішілік шағын-футбол турнирі өз деңгейінде өтті.

Біздің дана халқымыз «Дені саудың – тәні сау» деп бекер айтпаған. Спорттық қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты. Ондағы негізгі идея баланы салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі еліміздің ертеңі білімді де дені сау жастар қолында. Уақытты тиімді пайдаланып, өмірден өз орнын табу үшін спорт қажет-ақ.

Жарысқа 7-9 сынып оқушылары қатыстырылды. Жалпы жарысқа 8 сыныптан 8 құрама командалар жасақталып, барлығы да жарысқа қатысты. Құрама команда «А» және «Б» топтарына бөлініп топтан шығу кезеңі ұйымдастырылды. Әр топтан 2 құрама команда шығып, финалға жолдама ойнатылды. Жарыстың мәресінде І орын – 8 «в» құрама командасы. ІІ орын – 9 «в» құрама командасы. ІІІ орын – 7 «б» құрама командасы ие болғандар дипломдармен марапатталады. І орынға ие болған құрама командаға кубок табысталды. Ойынның нәтижесінде «Үздік ойыншы» атағына 8 «в» сынып оқушысы Амангелдиев Зарю ие болды, «Үздік шабуылшы» атағына 8 «в» сынып оқушысы Бактыгереев Темірболат ие болды, «Үздік қорғаушы» атағын 9 «в» сынып оқушысы Куанышев Бекзат ие болды, «Үздік қақпашы» атағын 7 «б» сынып оқушысы Қабес Әділет иеленді.

 Жарысқа 7-9 сынып оқушылары түгел тартылды. Сыныптардан құрама командалар жасақталып, жанкүйерлер тобы қолдау көрсетті. Барлық сыныптын оқушылары шағын-футбол ойына қызығушылық танытып белсене қатысты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары