СПОРТ ПЕН ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕР МЕРЕКЕСІ

«Есіл» орталық стадионында «Ақбидай-2018» аудандық жазғы спорттық ойындардың салтанатты ашылу сәті өтті. Ауылдық округтердің командаларына қолдау көрсетуге Явленка ауылының тұрғындары мен аудан орталығының қонақтары жиналды. Қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Қанат Едіресов құттықтады.

Бұл күні стадионда шулы әрі көңілді, музыка жүріп тұр. Алғашында аудан командаларының марш-шеруі өтті. Спортшылар алаңдағы орындарына орналасқанға дейін іс-шараны жүргізуші Ольга Савченко мен Серік Қазымов оларды таныстырып тұрды. Явленка ауылдық округінің командасы өткен ойындардың күміс жүлдегері болып табылады, ал Заградовка ауылдық округінде хоккеймен, футболмен және волейболмен белсенді айналысады. Спасовка ауылдық округінің делегациясының құрамында жетекші спортшылар болды. Округтегі жаттықтырушылар штабы мықты және күрес, жеңіл, ауыр атлетика сияқты спорт түрлері дамыған. Амангелді ауылдық округін футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінің мықты спортшылары ерекшелендіреді. Ясновка ауылдық округінің өкілдері де бірнеше рет «Ақ бидай» ойындарының жүлдегерлері болды, соның ішінде республикалық деңгейде де. Николаевка, Алматы, Петровка, Покровка және Торанғұл ауылдық округтерінің командалары өздерін әр түрлі спорттық шараларда көрсетті.

Аудан әкімінің орынбасары Қанат Едіресов спортшыларды құттықтап өтіп, спорттың шекарасы жоқтығын және әлем халықтарын біріктіретіндігін айтты. «Қазақстанда спорт және жаппай спорт мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады, - деді Қанат Едіресов. – Біздің ауданымызда бұл үшін барлық жағдай жасалуда: жаңа спорттық үйірмелер мен секциялар ашылуда, спорт мекемелері жөнделуде, хоккей корттарының құрылыстары жүруде. Бүгінгі күні ауданымызда екі жүзге жақын спорттық құрылыстар қызмет көрсетеді. Өткен жылы Явленка ауылында жабық және Волошинка ауылында ашық корттар салынып, пайдалануға берілді. Жасалып жатқан жұмыс ауылдық жерлерде жаппай спортты дамытуға және жергілікті спортшылардың шеберліктерін арттыруға ынталандырады. Спорт адамдарға тек денсаулық қана емес, сонымен қатар күш, сұлулық, қуат береді, мінезіңді шыңдап, қиындықтарды жеңуге үйретеді. Әр спортшы үшін осындай ойындарға қатысу маңызды екендігіне сенімдімін».

Салтанатты ашылымның соңында ойындардың қатысушылары мен қонақтарына аудандық Мәдениет үйінің әртістері өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шараның салтанатты минуттарының бірі – «Ақбидай-2018» жазғы спорттық ойындарының алауын жағу болды. Оны алып жүру құқығы ерікті күрес бойынша спорт шеберінің кандидаты Сайран Сәдуақасовқа берілді. Сайран Сәдуақасов алауды жеңіл атлетика бойынша спорт шеберлігіне кандидат Евгений Анохинге тапсырды, ол оны Азиялық ойындардың жүлдегері, халықаралық жарыстардың қатысушысы, ҚР чемпионы Әлия Бегешоваға берді. Соңында Әлия Спартакиада алауын жақты.

Жаттығуға шамалы үзіліс беріліп, ойын да басталды. Жазғы жарыстар 14 спорт түрі бойынша өтті. Олар – баскетбол, волейбол (ерлер мен әйелдер), футбол, пневматикалық винтовкадан ату, гір спорты, ауыр және жеңіл атлетика, еркін күрес, үстел теннисі, дойбы, шахмат және велоспорт.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары