Шахмат, дойбы бәсекесі

Жуырда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің ұйытқы болуымен шахмат пен дойбыдан аудандық турнир өтті.

Жуырда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің ұйытқы болуымен шахмат пен дойбыдан аудандық турнир өтті. Турнирдің ашылуында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев көпшілікті мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен бәсекенің нәтижесі бойынша дойбыдан I орынды М.Сүгірбеков (Аса ауылдық округі) иемденсе, А.Төрегелдиев (Қаракемер) II орынға қол жеткізді. III орын көлқайнарлық М.Байдалиевке бұйырды. Ал шахматтан I орынды С.Жұбатқанов (Аса) қанжығасына байласа, Қ.Ақмырзаев (Ақбастау) II жүлдені місе тұтты. Т.Самаилов (Қаратөбе) тұғыр биігінің үшінші сатысынан көрінді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары