Палуандарымыз аудан абыройын асқақтатып жүр

26-27 сәуір күндері Ақкөл ауданы Азат ауылында Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қазтайұлы Әлиханды еске алуға арналған қазақ күресі турнирі өтті.

Осы турнирде жерлестеріміз Хайнел Аңсаған 35 кг салмақ дәрежесі бойнша 2 орынды иеленсе, Болатханұлы Диас 51 кг салмақ дәрежесі бойынша 1 орын иеленді. Ал, ауданымызда қазақ күресінен жасөспірімдерді жаттықтырып жүрген Орал Айдын түйе палуан бәсекесінде 1 орынды иеленді.

***

 

1 мамыр күні Астана қаласында өткен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне

орай ұйымдастырылған мектепаралық жасөспірімдер арасында қазақ күресінің «Жас Барыс» атты ашық біріншілігінде Ержанат Байбатша, Хайнел Аңсаған және Фазылов Бекнұрлар үшінші орындарды иеленіп, аудан абыройын асқақтатып қайтты.

Жерлестерімізге жеңісті күндер жалғасты болғай дейміз!

Мадет Өмірбек

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары