Отбасылық «Толағай сайысы»

Жайық негізгі мектебінде мектепалды даярлық тобы және «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндері мен ата-аналары арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді.

Мұнда бүлдіршіндер ата-аналарымен бірігіп,  екі топқа бөлініп өзара сайысқа түсті.

«Отан-отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай отбасылық «Толағай» сайысы  әр жанұяны салауаттылық спорт салтына баули отырып, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелейді. Сайыстың соңында «Өнерліге-өріс кең» дегендей, «Толағай» әніне бүлдіршіндер әдемі би орындап берді. Балаларына үлгі бола отырып, сайысқа өте белсене қатысып, сайыстын  қызықты  өтуіне үлестерін қосқан  «Толағай» отбасылық сайысына  қатысқан мектепалды даярлық тобы мен  «Қарлығаш» тобының ата-аналарына, және де Жайық НОББМ-нің дене шынықтыру пән мұғалімі Хисимов Азамат Саткалиевичке  алғысымды  білдіремін. «Тәрбие – тал бесіктен басталады» дегендей балаларымызды спортқа үйретіп, салауатты өмір салтына насихаттайтын жарыстарды өткізу әлі де жалғасын табары сөзсіз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары