Облыстық турнирге барды

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесіп ұлттық спорт түрлерінен, яғни, асық ату, тоғызқұмалақ, садақ атудан облыстық турнир ұйымдастырды.

«Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен жарыста мемлекеттік қызметшілер өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде, аудан намысын қорғаған спортшыларымыздың үшеуі жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтсақ, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Төлекова әйелдер арасында садақ атудан екінші орынды еншілесе, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бағдат Нұсқабеков ерлер арасында асық атудан үшінші орынға тұрақтады. Ал, аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы Рая Түлкібаева әйелдер арасында бестас ойынынан үшінші орынды қанағат тұтты.
Күні бойы жалғасқан жарыстың соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталды. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары