Облыстық біріншіліктен жүлделі оралды

Сәуір айының 25-26 күндері Целиноград ауданының Қоянды орта мектебінде Целиноград ауданының 90 жылдығына арналған және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына орай тоғызқұмалақ спорт түрінен жасөспірімдер ұлдар және қыздар арасында Целиноград ауданының ашық облыстық біріншілігі болып өтті.

Бұл сайысқа Астана, Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау, Ерейментау, Целиноград ауданынан 120 спортшы қатысты. Бұл жарысқа Шортанды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да қатысып, 2008-2009 жылғы туылған қыздар арасында Нұрсұлтан Аружан бірінші орын, 2004-2005 жылы туылған ұлдар арасында Нұржан Бибатыр бірінші орынға ие болып қайтты және 2010 жылы туылған ұлдар арасында Бекболат Дархан ынтасы үшін мадақтамаға ие болды. Жаттықтырушылары - Нұрсұлтан Ермек.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары