Облысқа жолдама алды

Медицина қызметкерлерін денсаулық сақшысы дейміз. Ол рас. Олар адамдарды емдеп қана қоймай, спортпен шұғылдануға үндейді. Әрі іс жүзінде де көрсе­те біледі. Оған өткен сенбі күні облыстық денсаулық сақ­тау басқар­масы медицина қызметкер­лерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдас­тырылған ХХІІІ спартакиада дәлел.

Спартакиаданың ашылу салта­на­тында сөз алған аудан әкімі­нің орынбасары Үміткен Найманова: – «Тәні саудың – жаны сау». Демек, дені сау адам ғана қоғамның қозғаушы күшіне айнала алады. Бүгін­гі аймақтық іріктеу ойынына қатысқалы отырған Бай­зақ, Жуалы, Сарысу, Талас және Жам­был аудандарының медицина қызметкер­леріне сәттілік тілеймін, – деді.
Спорт кешенінде өткен жеңіл атле­тикадан эстафеталық жарыс­та ауданымыздың ерлері де, қыздары да алдарына жан салмады. №1 мектептің спорт залында ұйымдас­тырылған қыздар арасын­дағы волей­бол ойынында бұрымды­лары­мызға еш команда шақ келмеді. Ю.Гагарин атындағы орта мектепте ерлер арасында өткен волейбол ойынында да жігіттеріміз топ жар­ды. Кіші футболда да аудан командасы биіктен көрінді. Тек, шахмат, арқан тартыс ойындарында ғана қарсыластарына есе жіберіп алды.
Қорытынды есеп бойынша Жам­был ауданының командасы бірінші орынды иемденіп, 3 маусым күні «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтетін облыстық спартакиадаға баратын болды. Екінші орынды жуалылықтар еншілесе, үшінші орыннан Сарысу ауданының командасы көрінді.
Үздік шыққан командаларға тиесілі кубок пен медальдарды, диплом мен сыйлықтарды аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов, аудандық орталық аурухана кәсіподағы ұйымының төрағасы Тәуіржан Мұсаев және аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов табыстады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары