Нұржан Қазбеков – әлем чемпионы

Марокконың Касабланка қаласында самбо күресі шеберлерінің (ардагерлер) әлемдік додасы өткені белгілі. Бірнеше күнге созылған жаһандық аламанда жерлесіміз Нұржан Қазбеков 68 келі салмақта белдесіп, алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанып қайтты. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын да иеленді.

Әлемнің отызға жуық мемлекетінен кіл мықтылар қатысқан байрақты бәсекеде Нұржан балуанымыз үш қарсыласын таза жеңіп, мерейі үстем болды.
Әлемдік бәсекеде бағы жанған жерлесімізді Жамбыл облысы әкім­дігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков, самбо күресінен облыстық ардагер­лер федерациясының президенті Жетен Медеуов бастаған спортшы­лар Тараз қаласының кіреберіс қақпа­сынан зор құрметпен қарсы алды.
Айтпақшы, осы әлемдік додада 62 келі салмақта белдескен жамбылдық белгілі балуан Алмас Мұсабеков те алтын алқа тағынып, ел мерейін асқақтатты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары