Мерекелік сайыс

Астана мен біздің ауданымыздың биылғы жылғы айтулы мерейтойлары мәдени-спорттық шарадан бастау алды

Бұл орайда дәстүрлі қысқы спартакиада ойындарын осы мерекелерге арнаған родиналықтар өзгелерге үлгі көрсетті.

Аудан әкімі Малғаждар Тәткеевтің тікелей бастамасымен өзге ауылдық округтерде де қызғылықты шаралар өткізілуде.

     Мәселен, жуырда Талапкер ауылдық округі  аумағындағы Майбалық көлінде дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы Қуаныш Имаяқовтың жетекшілігімен балық аулаудан жарыс өткізілді. Онда «Ең ірі балық» номинациясында «Әлімбет» шаруа қожалығының басшысы А.Т.Әлімбетов жеңіске жетті.

      Ең көп балық аулаған «Целиноградское» несие серіктестігі (С.К.Әшебеков)  бірінші орынды иеленсе, «Родина агрофирмасы» ЖШС-нің бас энергетигі И.В.Лапин екінші орынға шықты.

    Бұл күні ауа райы да жаймашуақ мінез танытып, көлдің мұзы да берік болды. Балық аулау сайысына жиырмадан астам адам қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздарға  естелік сыйлықтар мен ұйымдастыру комитетінің мадақтамалары табыс етілді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары