Мемлекеттік қызметшілер жарысы

Ел дамуына мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі сүбелі. Бүгінде оларға жүктелген міндет жүгі орасан зор. Мемлекеттік қызметшілердің басты парызы – халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету.

Ел дамуына мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі сүбелі. Бүгінде оларға жүктелген міндет жүгі орасан зор. Мемлекеттік қызметшілердің басты парызы – халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету.
Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің өз кәсіби мерекесі бар. Мереке Елбасының Жарлығымен 2013 жылдан бері аталып келеді.
Күні кеше ғана мемлекеттік қызметшілер күні құрметіне Аса ауылындағы жасанды футбол алаңында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 6 команда қатысты. 
Бәсеке басталарда аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов қатысушыларды жарыстың мақсатымен, ережелерімен, өту тәртібімен таныстырса, аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов ойыншыларға сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызметшілер шара барысында айналма жүйеде бақ сынасты. Нәтижеде, бағы мен бабы қатар шапқан аудан әкімі аппаратының командасы (команда капитаны Ж.Телеуов) бірінші орынды иеленіп, арнайы үлкен кубок пен дипломға ие болса, аудан әкімдігі құрылыс, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінен жасақталған командаға (капитаны Б.Бижігітов) екінші жүлде бұйырды. Олар орта кубок пен диплом иеленді. Кіші кубок пен дипломды кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қаржы бөлімі қызметкерлерінен құралған команда жеңіп алды. Ауылдық округтерден жасақталған үш команда да ойын көрігін қыздыра білді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары