МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНЕ 20 ЖЫЛ

Маусымның 16 жұлдызында Тайынша қаласындағы «Жеңіс» паркінде мемлекеттік қызметкерлер күні аясында, мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығын мерекелеуіне байланысты, мемлекеттік қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері мен өзге де жеке тұлғалар арасында «Алға басу – движение вперед» атты жүгіруден мерекелік іс-шара өтті.

Бұл бастаманың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын және дене шынықтыруды насихаттау, және ауыр науқасқа шалдыққан балаларға көмек көрсету. Мерекелік іс-шарада бірінші болып сөз алған аудан әкімі В.С. Дудов жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, аудан көлемінде спорт ойындарынан жеткен жетістіктерге ерекше тоқталып өтті. Алдағы облыста өтетін жарыстарда тайыншалықтар әрқашан алда болып, жеңіс тұғырында биік белестерден көріне берулеріне тілек білдірді. Келесі сөз алған еңбек ардагері М.С. Нагребецкий де жас буын мемлекеттік қызметкерлерге өзінің ақ тілегін жолдады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары