Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ

Ақсу қаласының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған шахматтан қала турнирі өтті. Жарыстың бас төрешісі - Салтанат Бердалина.

Барлығы жарысқа 50-ден астам шахматшы қатысты. Олар қала мен ауылдық аймақтан келген спортшылар.
Қала мен ауыл өңірі мектептері арасында командалық есепте жеңімпаздар және жүлдегерлер анықталды. Сонымен, I орынды лицей,  II орынды Достық ауылының орта мектебі, III орынды Мәжен Қабылбеков атындағы орта мектеп иеленді.
Ал, ересектер арасында жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан I орыннан Александр Карабан (АФЗ), II орыннан Анатолий Сосницкий (зейнеткер), III орыннан Фарид Каримов (АФЗ) көрінді.
Әйелдер арасында I орынға Анар Қамбарова (Достық ауылы), II орынға Арай Нәжмиденова (№1 орта мектеп), III орынға Шырын Бақытхан (Қалқаман ауылы) ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары