Қола медаль бұйырды

Жуырда Тараз қаласындағы №5 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан 2005-2007 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ахмет Жұмағұлдың жүлдесіне арналған республикалық ашық біріншілік өтті.

Жуырда Тараз қаласындағы №5 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан 2005-2007 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ахмет Жұмағұлдың жүлдесіне арналған республикалық ашық біріншілік өтті. Айтулы жарыста Тараз, Алматы, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Шымкент, Петропавл, Талдықорған, Байқоңыр қалаларынан 500-ге жуық балуан бақ сынады.
Республикалық додада аудан намысын қорғаған Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жасұлан Бибазаровтың шәкірттері Пердехан Қалмұрзаев (35 келі) пен Бақдәулет Сейітқадырға (42 келі) қола медаль бұйырды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары