Қола медаль – қолда

Жуырда Тараз қаласы Төрткүл керуен сарайында облыс әкімдігі білім басқармасы ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен белдесу күресінен «Оқушылар арланы» облыстық турнирі өтті.  

Жуырда Тараз қаласы Төрткүл керуен сарайында облыс әкімдігі білім басқармасы ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен белдесу күресінен «Оқушылар арланы» облыстық турнирі өтті.  
Жалпы 98 жасөспірім қатысқан турнирде Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Жантөре Жұмабай (жаттықтырушысы Нұржан Қазбек) бақ сынады. Бозкілем үстінде белсене белдескен Жантөре жеңіс тұғырының ІІІ сатысынан көрініп, қола медальды місе тұтты. Сонымен қатар жас балуан М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 50 пайыздық жеңілдігіне, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлығына ие болды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары