Кезекті турнир ұйымдастырылды

Өңіріміздегі   Бірлестік  ауылында  Елбасымыз   Нұрсұлтан  Назарбаев   жариялаған    Қазақстан Республикасында  өтіп  жатқан    Жастар  жылының    құрметіне,  соңғы  кездері   спортсүйер  қауымның   арасында   кеңінен  танымал  бола  бастаған  пима  хоккейден    турнир   ұйымдастырылды.

Сегіз  команданың  қатысуымен  аса  тартысты   өткен   кездесулердің  нәтижесінде, алаңға   Қайыргелді  Сағындықов,Марат  Әбілмәженов, Жұман  Мұғжанов, Ардақ  Шайжанов,  Ахметжан  Аманжол  құрамында   шығып, барлық  қарсыластарынан  басым  түскен  «Ардагер» хоккейшілері   турнирдің  жеңімпазы  болып  танылды.

Турнир  барысында Данияр Қылышбаев, Дулат  Бүркітов, Қалдықожа  Жақсылық, Жігер  Тілеужанов және  Саят  Нукенов сапында  сайыстарға  түсіп,    айтарлықтай   шеберлік   көрсеткен   «Самұрық»  командасы  екінші  жүлдегер   атанса, «Барыс»  (құ-рамы-Дәурен  Тілеужанов, Нұрбек  Уатхан,  Дәуренбек Абдуллаев,  Тұрғынбек  Айбек, Құр-мет Тұрлыбеков) командасы  жеңіс   тұғырының    үшінші   сатысына    көтерілді.

Аталымдар  бойынша   үздіктер   айқындалды. Тұрғынбек  Айбек –қақпашы, Тұрғынбек  Жақсылық-қор-ғаушы,  Саят  Нукенов-шабуылшы, 15  гол  соққан   Ардақ  Шайжанов  -үздік  сұрмерген  атанды.

Қайыргелді  Сағындықов   турнирдің  үздік  ойыншысы   мәртебесіне  ие болды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары