ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Ақтау қаласында ақпан айының 14-16 жұлдызы аралығында самбо күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

14 облыстан және 3 қаладан келген 500-ге жуық балғын балуандар үш күн бойы Ақтаудың төрінде атой салды. Аталған жарыста қаламыздағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Есімбек Назгүл Берікқызы 75 кг салмақта өнер көрсеткен болатын.
Жарыс қорытындысында спортшы қызымыз Назгүл Берікқызы жүлделі ІІ-орын алды. Назгүлді балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Досбол Қосшыбеков 2015 жылдан бері күреске баулып келеді.
Жерлесімізге алдағы уақытта бұдан да биіктерден көріне бер дегіміз келеді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары