Халықаралық жарысқа жолдама алды

Жуырда Қарағанды қаласында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай жауын­герлік самбодан республика чемпионаты өтті. 

Жуырда Қарағанды қаласында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай жауын­герлік самбодан республика чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар жарысқа жоға­ры дайындықпен келген. Респуб­ликалық додада облыс және аудан атынан барған «Жастар ресурстық орталығының» кеңесші-жаттықтырушысы Ислам Тілеміс жасындай жарқырады. 68 келіде сынға түскен жерлесіміз қарсылас біткенді қапы қалдырып, алтыннан алқа тағынды.
– Әрбір спортшының басты арманы – тұғырдың жоғары сатысынан көрініп, жеңімпаз атану. Мен бұл жарысқа ұзақ дайындалдым. Нәтижесі жаман емес. Үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жоғары ұпаймен қарсыластарымнан басым түстім. Бұл жеңісімді Жастар жылына арнаймын, – деді Ислам Тұрысбекұлы. 
Ислам алдағы уақытта Ресей Федера́циясында өтетін халықаралық жарыста өнер көрсететін болады. Әрине, әлемнің кіл мықтылары қатысатын байрақты бәсекенің оңай болмайтыны анық. Біз жігерлі жерлесімізге тек жеңіс тілейміз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары