Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының II–лига ойындары басталды

Арыс қаласында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, елге, жерге деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында спорттық шараларды үнемі ұйымдастырып отыру жолға қойылған. Жуырда осы мақсатта футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының ІІ-лига ойындары басталды. Арыстықтардың делебесін қоздырған дода – қаламыздағы орталық стадионда «Арыс» құрама командасы мен «Ақтөбе» құрама командалары арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының ІІ-лига ойындары өтті.

Аталған лига ойындарының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Р. Айтбаев қатысып, «Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ішімдік пен нашақорлыққа қарсы баулу, ұлтымыздың арқа сүйер нағыз патриоттарын тәрбиелеу. Сондай-ақ, лигага қатысушы спортшыларымыздың шеберліктерін шыңдап, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады» - деп, жарысқа қатысушы спортшыларға жеңіс жолында сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді.
Тартысты әрі қызықты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша 5:0 есебімен аяқталып, «Арыс» командасы жеңіске жетті. Қазақстан Республикасы чемпионатының ІІ-лига ойындары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары