Денсаулық кепілі – салауаттылық

№8 кітапхана-филиалы №46 мектептің 6 «б» сынып оқушылары мен «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» әдеби - спорттық сайыс өткізді.

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру, олардың өз денсаулғына жауапкершілікпен қарау, салауатты өмір жайлы ой –пікірін қозғау, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, қазіргі кездегі таралып бара жатқан ауру түрлерінен хабар беру мақсатында ұйымдастырылды.

        Сайыс төрт кезеңнен тұрды: I кезең «Желаяқтар», II кезең «Допты ойын», III кезең «Кенгру», IV кезең «Пингвин» болды. Оқушылар сайысты бастамас бұрын «Жасұлан» тобы, «Барыс» тобы, «Қыран» тобы болып 3 топқа бөлініп сайысты кезең кезеңімен ойнап жарысты. Төрт кезең аяқталып нәтижесінде жеңіске жетіп 1 орынға ие болған «Жасұлан» тобы. Ал 2 орынға «Қыран» тобы шықса, 3 орынға «Барыс» тобы жетті. Осылайша 3 топта өздерінің әдебиет пен спортқа құлшыныстарын көрсеткен оқушылар дипломдармен мараппаталды.

         Денсаулық кепілі – салауаттылық. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулық тарыңды күтіңдер! Болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азамат шығады деп сенім білдіріп шарамызды аяқтадық.

         «Тәрбие көзі-халықта» дегендей, қазақ халқының денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерінің басын айтып, жалғасын тап сауал ретінде жасырылды. Балалар өз ой пікірлерін айтып, белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар шараға арналған «Салауатты өмір салты» кітап көрмесі мектеп кітапханасында жасақталды. Мәдени көпшілік шараларға үнемі қолдау көрсеткені үшін №46 мектептің кітапхана меңгерушісі Сарсенбаева Жұмагүл Сарсенбайқызына кітапхана атынан алғыс хат табыс етілді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары