Денис- чемпион

Әлем кубогының кезеңінде Денис алтын медальға иеленіп, туған еліне Азия чемпионатынан жалпы 3 алтын медалін ала келді.

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында ауданымыздың мақтанышы, Азия чемпионы атанған Денис Долгашов пен жеке бапкері Халибек Салтанатты Астана пойызынан салтанатты түрде өлеңдер қосылып,  шашу шашылып, қарсы алу рәсімі болды. Естеріңізге сала кетсек, Денис 29 қараша – 3 желтоқсан аралығында, Корея Республикасының Пусан қаласында өткен Азия чемпионатында гір көтеру спортынан өзін жоғары деңгейде көрсете алып, жасөспірімдер мен ересектер арасында 63 келілік салмақ дәрежесінде екі алтын медальға және келесі күні 2 желтоқсанда Әлем кубогының кезеңінде Денис алтын медальға иеленіп, туған еліне Азия чемпионатынан жалпы 3 алтын медалін ала келді.

Кездесу барысында, алғашқы құттықтау сөзді ауданық мәслихат хатшысы Ахметова Ұлболсын Асқарқызы Денисты және жеке бапкері Салтанатты үлкен жеңістерімен құттықтап, аудан әкімі Балпан Мұрат Сағатұлының атынан құттықтау хаттарын табыстады. Долгашов Денис пен Халибек Салтанат Дайындық сәттеріндегі және чемпионат кезіндегі сезінген ішкі жан толғаныстарымен бөлісіп, Азия чемпионатына бару үшін көмектескен барша  демеушілерге және көмек ұшын аямай қолдаған достары мен Жарқайың ауданының тұрғындарына алғыстарын айтып өтті.

Біздің чемпионымызға, болашақта спорттық жетістіктер мен үлкен жеңістер тілейміз. Күн сайын жаңа табыстарға қол жеткізіп, өмірдегі кез келген қиындықтарды оңайлықпен женуге және өзіне деген сенімі және батылдығы орасан зор болуына тілектеспіз!

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары