Датқа жүлдемен оралды

Жуырда Орал қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен классикалық күрестің негізін қалаушы, КСРО спорт шебері Михаил Сидоренконың жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

Жуырда Орал қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен классикалық күрестің негізін қалаушы, КСРО спорт шебері Михаил Сидоренконың жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.
Дүбірлі додаға Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және көршілес Ресей елінің Саратов, Самара облыстарынан келген жалпы саны 250-ден астам балуан өзара 8 салмақ бойынша белдесті.
Байрақты бәсекеде біздің ауданның тумасы, Жамбыл атындағы бастауыш мектептің мақтанышы Датқа Лесбек (жаттықтырушылары Еламан Данайбек, Теміржан Орынбаев) мерейімізді тасытты. Жас балуан 22 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.
Жүлдемен оралған Датқаны мектеп мұғалімдері мен оқушылар жақсы қарсы алып, құрмет көрсетті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары