Біздің Ерсұлтан ерледі

Асық ату – ұлттық спорттың керемет түрі. Бұл ойын баланың көру қабілетін жақсартуға, ой өрісін дамытуға да сеп. Епті, шымыр, мерген, шапшаң, есепке жүйрік болуға үйретеді. Ойын негізінде баланың барлық дене мүшесі қозғалысқа түседі.

Осынау бір дәстүрлі ойынды жас жеткіншектерге, кейінгі өскелең ұрпаққа насихаттау, ұлттық ойынымызды қайта жаңғырту мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Асық ату» ойынынан Қазақстан Республикасының чемпионатын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.
Міне, осындай додада аудан мен облыстың намысын қорғап жүрген Ерсұлтан Кемпірбайды мақтанышпен айта аламыз. Ол – екі дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы. Кішкентайынан асық атуға құмар болған ол – Ерназар ауылдық округі аула клубы үйірмесінің алғашқы түлектерінің бірі.
Жуырда асық ату ойынынан жасөспірімдер арасында (2002-2004 жылдары туылған ұлдар) өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында екінші жүлдені қанжығасына байлап, облыс пен аудан абыройын асқақтатып қайтқан Ерсұлтанның жеңісі – ауданның жеңісі.
Жерлесіміз Ерсұлтан Хасанұлының әлі талай жалаулы жарыстарда топ жаратынына сенеміз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары