Батыстық балуандар ел чемпионатында жеңіске жетті

Жақын күндері Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 ж.т. жастар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында батысқазақстандық балуандар 1 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді.

Қарт Каспийдің жағасын бойлаған Ақтаудағы спорт бәсекесі Елорда мен Алматы қалалары және барлық облыстардан келген бозкілем шеберлерінің үздіктерін анықтады. Олардың арасында өз аймақтарында қазақ күресінен жеңімпаз атанып үлгерген спортшылар да бар. Балуандардан айласын асырып, шеберліктерімен белдескен жерлестеріміз Мөлдір Ахметова 78 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын, Бекайдар Меңдешов 90 келіде ІІІ орын иеленді. Еске салсақ, жеңімпаздар Орал қаласындағы ұлттық спорт түрлері мектебінің түлектері.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары