Батысқазақстандық самбошылар топ жарды

Бүгін Зашаған кентінің «Арман» спорт кешенінде өткен самбо күресі мен жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасында батысқазақстандық самбошылар алтыннан алқа тағынып, жалпы есепте І орын иеленді.

Төрт жылда бір рет жалауын желбірететін жазғы спартакиада республикамыздың үздік спортшыларын анықтап қана қоймай, халықаралық додаларда ел намысын асқақтатар білекті самбошылардың есімін де айқындайды. Қайраттылығы, төзімділігі мен шеберлігі арқасында қарсыласынан айласын асырған балуандарға деген жанкүйерлердің ықыласы жоғары.

Бозкілем шеберлерінің бәсекесінде БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев республикалық, әлемдік деңгейдегі тартысты белдесулерде атой салып, сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, самбо күресінің Ақ Жайық өңірінде қанат жаюына атсалысқан федерация басшылығына алғысын білдірді. Самбо күресінен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Қаймен Есендияров та еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған Азия, Әлем чемпионатының жүлдегерлеріне жеңіс жолында сәттілік тіледі. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бас төреші Асылбек Құлмағамбетов, спорт ардагерлері мен жаттықтырушылар жарыс төрінен орын алды.

Ең алдымен жас буын өкілдерінің спортқа деген қызығушылығын оятып, самбоның қыр-сырына қанық тәжірибелі ардагер спортшылардың есімдері ерекше мақтанышпен аталды. Өңір спортының тарихында еңбегі самбо күресімен қатар айтылатын Батырқайыр Айешев, Қамеш Исмағұлов, Жұбанышқали Жәрдемов, Бердіғали Төлегенов, Санат Берсебаев жəне өзге де ардагерлер құрметке бөленіп, «Самбоның кұрметті ардагері» медалі берілді.

Спорт саласында табанды еңбек сіңірген бір топ азаматтарға ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы С.Сәпиевтің Алғыс хаты ұсынылып, БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиевқа ҚР спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Р.Жошыбаевтың Алғыс хаты мен естелік медалі табысталса, «Самбо саңлақтары» медалімен Қазболат Құрмашев, Асхат Шахаров, Арман Кельмуханов, Бірлес Есенғалиев, Ерболат Байбатыров, Нұрбол Серіков, Темірлан Ихсанғалиев, «Самбоның дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» медалімен Әлібек Сытдықов, Алексей Василец, Талғат Шайхиев, самбо күресін БАҚ-та насихаттап жүрген жеңімпаз спортшы, «Ел және мұғалім» газетінің бас редакторы Жанбол Ғалиев марапатталды.

Екі күнге созылған самбо күресі мен жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасының қорытындысын ұсынамыз.

Самбо ерлер

52 келі

1. Райымкулов Болатбек БҚО

2. Мейрамбек Мұхтар ШҚО

3. Қошқар Жаңабай  Шымкент

3. Шайқы Алпамыс  Ақтөбе

57 келі

1. Айдынбай Қайырберді Атырау

2. Шәріп Салих Ақтөбе

3. Абдуразаков Абдухамид Шымкент

3. Бауберіков Мирас Алматы қаласы

62 келі

1. Жұмабай Парасат Атырау

2. Қуатай Санжар  Алматы обл

3. Сенғалиұлы Нұрболат Маңғыстау

3. Абдеков Дамир  Қызылорда

68 келі

 1. Нығмет Серікбай БҚО

2. Нұрғалиев Төлеген ШҚО

3. Жананиет Рахат Қарағанды

3. Сұлтанов Асыланбек Ақтөбе

74 келі

1. Майлашев Наурызбек Атырау

2. Қуатай Арнур  Алматы обл

3. Еркін Ерасыл Қарағанды

3. Әбдіреев Әсет  Қызылорда

82 келі

1. Жарқынбаев Руслан ШҚО

2. Қалеш Еркебұлан БҚО

3. Айдарбек Тоқтарбек Түркістан

3. Қуанов Азат Ақтөбе

90 келі

1. Мисин Әділет Ақтөбе

2. Ахметжанов Әсет ШҚО

3. Алихужаев Абдувахов Түркістан

3. Жұрмағамбетов Орынбасар БҚО

100 келі

1. Шоқпұтов Шыңғыс Ақтөбе

2. Нұрмұханов Асқар БҚО

3. Естай Ермұхан Қарағанды

3. Мадияр Данияр Шымкент

+100 келі

1. Көлбай Темірлан БҚО

2. Әмренов Талғат ШҚО

3. Баймаханов Марат Қызылорда

3. Әбусалихов Сәулет Шымкент

Самбо әйелдер

48 келі

1. Жылқыбаева Айжан  Түркістан

2. Бажаева Маргарита Қарағанды

3. Набиева Бибіхан  Қызылорда

3. Мұқанова Жанбота  Маңғыстау

52 келі

1. Телемгенова Әйгерім БҚО

2. Пайыз Жадыра Түркістан

3. Мусурман Динара Нұр-Сұлтан

3. Аппазова Балнұр Маңғыстау

56 келі

1. Әлмұханбетова Гүлдана БҚО

2. Мырзабек Ақерке  Түркістан

3. Ерболова Гүлнұр  Алматы обл

3. Баянова Зульфия  Қызылорда

60 келі

1. Жұмабаева Динара Алматы обл

2. Абай Асылзат Шымкент

3. Сахимова Әйгерім Түркістан

3. Махамбет Мөлдір Қызылорда

64 келі

1. Алмағанбет Гулдарайым Қызылорда

2. Алмаз Гүлзада  Атырау

3. Жұмаділла Айгерім  Алматы обл

3. Өтебек Аққал  Алматы қаласы

68 келі

1. Ордабаева Мариян Алматы қаласы

2. Ақжігітова Айнұр Түркістан

3. Сағадат Гаухар БҚО

3. Балапанова Аяулым Жамбыл

72 келі

1. Күрішбаева Ділдаш Алматы обл

2. Жақыпбекова Перизат Түркістан

3. Кударова Динара Қызылорда

3. Джангелдина Аруна Ақтөбе

80 келі

1. Самиголлаева Эльмира Атырау

2. Мұқатай Береке Қарағанды

3. Кулумбетова Дилара БҚО

3. Амангельдиева Альбина Шымкент

+80 келі

1. Тайжанова Қалжан Атырау

2. Тұршабек Нұрғаным Қызылорда

3. Абдукримова Акерке Түркістан

3. Аксенова Валерия Ақмола

Жауынгерлік самбо

52 келі

1. Қаражігітов Руслан Қызылорда

2. Қуангалиев Еркебұлан Атырау

3. Сүгір Мәди Шымкент

3. Карибаев Ануар Ақтөбе

57 келі

1. Тусупов Серікжан Атырау

2. Қали Абзал Қарағанды

3. Қажиақпаров Шыңғыс БҚО

3. Арыстамханов Айбек Павлодар

62 келі

1. Сұпығалиев Қазбек БҚО

2. Удот Олег Қарағанды

3. Мақұл Серік Түркістан

3. Шалғынбекұлы Әділет Ақтөбе

68 келі

1. Махмудов Ерлан Жамбыл

2. Макашев Оралбек БҚО

3. Насредин Темірлан Алматы қаласы

3. Анарбаев Серік Түркістан

74 келі

1. Қамаш Даурен Алматы қаласы

2. Манасов Рауан ШҚО

3. Борисов Александр Ақтөбе

3. Абдурашидов Руслан Қызылорда

82 келі

1. Ихсангалиев Темірлан БҚО

2. Смайлов Асылбек ШҚО

3. Дадаев Даврон Алматы қаласы

3. Искандаров Хуршеход Жамбыл

90 келі

1. Котин Сергей Қарағанды

2. Атабаев Айбек Ақтөбе

3. Кабулов Асет БҚО

3. Аязбаев Қуаныш Алматы қаласы

100 келі

1. Кабулов Әділет БҚО

2. Измуханов Чингиз Қарағанды

3. Сапаров Темирлан Қостанай

3. Айсаев Санжар Түркістан

+100 келі

1. Зубков Сергей Қарағанды

2. Тұрсұнов Ринат БҚО

3. Курбани Юсиф Түркістан

3. Құдырбек Болат Қостанай

Жалпыкомандалық есеп

Әйелдер арасында

1. Атырау обл

2. БҚО

3. Алматы обл

Ерлер

1. БҚО

2. Атырау

3. Ақтөбе

Жауынгерлік самбо

1. БҚО

2. Қарағанды

3. Атырау

Жалпы есеп бойынша:

1. БҚО

2. Атырау

3. Қарағанды

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары