БАСТАМАНЫ ҚОЛДАДЫ

Бірінші желтоқсанда, Тұңғыш Президент Күні мерекесінде Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжінде Чириковка орта мектебінің мұғалімі Қазымбет Құрманғалидың бастамасымен ұйымдастырылған шағын футболдан турнир өтті.

Турнирге 6 команда қатысты: «Класс-93» және «Барселона» командалары явленкалықтардың атынан шықты, Заречный және Покровка ауылдық округтерінің командалары, амангелділіктердің атынан «Янг Бойз» командасы және Заградовка ауылдық округінен «Прометей» командасы. Жарыстар 6 қазан мен 1 желтоқсанға дейінгі аралықтағы сенбі күндерінде өтті. Ойын өте қызықты және әсерлі болды.

Турнир қорытындысы бойынша «Янг Бойз» командасы чемпион болса, 2-3-орындарды «Барселона» және «Класс-93» командалары иеленді. Үздік ойыншы мен шабуылшы ретінде Александр Поневин, үздік голкиперші ретінде Александр Грицай танылды, екеуі де «Янг Бойз» командасынан. Үздік командалар мен ойыншылар турнирдің демеушісі «Go Mansion Петропавловск» компаниясынан жүлделер алды.

Турнир жайлы пікірлер мен әсерлер:

Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Фархат Бектұров: «Бұндай турнир біздің ауданымызда алғаш рет өткізіліп отыр. Командалар өздерінің шеберліктерін және жеңіске деген еріктерін көрсетті. Әр турда біз қажырлы күрес пен қызықты ойынның куәсі болдық. Турнир басында ойыншыларды ауданның құрамасына іріктеу мүмкіндігі туындады. Турнир біздің ауданымызда футбол мен футзалды дамытуға мүмкіндік беретін болады. Турнирдің 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент Күні аяқталғаны айрықша мәнге ие. Біздің Президентіміз спортқа ерекше назар аударады, ал біз оның идеяларын жүзеге асыруға тырысудамыз. Қазымбет Құрманғалиға рахмет! Оның идеясы мен біздің бірлесе тырысуымыздың нәтижесінде бұл жарыстарды өткізу мүмкін болды».

Чириковка орта мектебінің мұғалімі Қазымбет Құрманғали: «Мен лига туралы идеямның жүзеге асқанына өте қуаныштымын, бұл лига әлі де ұзақ жасайды деп үміттенемін. Жастарды тек қана спортқа ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануға қызықтырғым келді. Маған қатысушылардың футболға деген қызығушылықтары ұнады. Біздің лигамыздың барлық командаларына қатысқандары үшін алғысымды білдіремін. Александр Грицайға, Марат Қайруловқа, Наиль Пакошевқа көмектескендері үшйн алғыс айтамын. Сондай-ақ біздің демеушіміз – «Go Mansion Петропавловск» компаниясына зор алғысымды білдіремін. Біз бұл істі ары қарай жалғастыруға ниеттеніп отырмыз. Келесі жолы командалар көп болады деп сенемін. Сондай-ақ жергілікті басқару органдары көлік мәселесіне көмектессе жақсы болар еді. Барлығын келесі жаңа маусымға қатысуға шақырамыз».

«Янг Бойз» командасының капитаны Александр Поневин: «Біз чемпион болдық, бұған өте қуаныштымыз. Ойын қажырлы да ауыр болды. Біз бұл мақсатқа барлық командамызбен тырыстық, сондықтан да жеңімпаз болу қолымыздан келді. Осы идеяны ары қарай қолдап, командалар қатарының көбейгенін қалаймыз. Ұйымдастырушыларға турнир үшйн алғыс айтамыз!».

Турнирге қатысу үшін 8-705-466-33-16 телефонына жүгінуге болады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары