Балғын велошабандоздар бәсекесі

Біз де бала болғанбыз. Әйтсе де, бүгінгі балғындар үшін барлық жағдай жасалған. Жасырары жоқ, асық атып, ләңгі тебуді жасырын ойнадық. Бүгінде олай емес. Асық ату мемлекеттік бағдарламаға енгізіліп, ұлттық ойын ретінде ұлықталуда.

Өткен айда балғындарымыз асық атудан жарысқа қатысса, кешегі веложарыста мықтылығын тағы бір көрсетті.
Веложарыс балалардың ой-өрісін дамытуға, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулуға әрі спортқа деген құштарлығын арттыруға ықпал етеді.
Балаларды шынықтыруды көздеген бөбекжай басшылығы балалар арасында велошабандоздар жарысын ұйымдастырды. Онда «Бәйтерек», «Жұлдыз», «Нұрай», «Ботақан» топтарынан 40-қа жуық бала жарыс жолына шықты.
Бөбекжай әдіскері Жадыра Абылаева, шаруашылық меңгерушісі Гүлзат Боранбаева және психолог Әсемай Жақсымұратова қазылық еткен жарыста, яғни, «велосипед тебу», «кедергілер арасынан велосипедпен өту» бойынша сыннан өткен кішкентай велошабандоздар Айсұлтан Дәулетбай («Ботақан» тобы), Елжан Ғалым («Нұрай»), Ахмет Айдар («Жұлдыз»), Ерасыл Асқар («Бәйтерек») және басқалар шеберліктерін паш етті.
Жарыс соңында оза шапқандар да, веложарысқа қатысқандар да мақтау қағазымен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары